Accessibility links

Хосни Мүбәрәк шерушілер өліміне қатысты ақталды


Египеттің экс-президенті Хосни Мүбәрәк сот залында. Каир, 15 сәуір 2013 жыл.
Египеттің экс-президенті Хосни Мүбәрәк сот залында. Каир, 15 сәуір 2013 жыл.
Египет соты дүйсенбіде экс-президент Хосни Мүбәрәкті 2011 жылы ақпандағы халық толқуларында ереуілшілердің қаза табуына кінәлі деген айыпқа қатысты ақтап үкім шығарды. Бірақ ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты басқа да айыптары бойынша қамауда қала береді.

84 жастағы Хосни Мүбәрәк 2012 жылдың маусымында шерушілердің өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Бірақ биыл қаңтар айында сот "істі тергеуде кемшіліктер болғанын" айтып, үкімді қайта қарау туралы шешім шығарған.

Египетті 30 жылға тарта уақыт басқарған Хосни Мүбәрәк 2011 жылы ақпанда үкіметке қарсы халықтық толқулар кезінде биліктен кеткен еді. Шеру кезінде полиция шерушілерге оқ атып, жүздеген адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG