Accessibility links

Францияда министрлердің байлықтары жарияланды


Франция президенті Франсуа Олланд. Брюссель, 14 наурыз 2013 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд. Брюссель, 14 наурыз 2013 жыл.
Франция премьер-министрі Жан-Марк Эйро мен үкіметтегі 37 министрдің жеке қаржысы туралы тізім бірінші рет арнайы құрылған сайтта жарияланды. Мәліметтер социалист президент Франуса Олландтың халықтың сеніміне ие болуы мақсатында жарияланып отыр.

Таяуда бюджет министрі Жером Каюзак Швейцария банкінде жасырын есеп-шоты барын мойындап, Франсуа Олландтың беделіне нұқсан келген еді. Каюзак осыдан соң бірден отставкаға кетіп, оның үстінен "салықтан жалтарды" деген күдікпен тергеу басталған. Бұған қоса социалистік партияның бұрынғы қаржы жөніндегі басшысының Кайман аралдарындағы екі оффшорлық компанияға қаржы салғаны туралы ақпарат та Олландтың беделіне кері әсер еткен.

Веб-сайттағы мәліметтерге қарағанда, ең бай министрлердің бірі - сыртқы істер министрі Лоран Фабиус. Оның байлығы 7,8 миллион АҚШ долларын құрайды.

Франсуа Олландтың өзі президент болып сайлана сала 1,7 миллион еуро байлығы барын жария қылған.
XS
SM
MD
LG