Accessibility links

Бостон марафонындағы жарылыстарда 3 адам мерт болды


Марафонда болған жарылыстан кейінгі көрініс. Бостон, АҚШ, 15 сәуір 2013 жыл.

Марафонда болған жарылыстан кейінгі көрініс. Бостон, АҚШ, 15 сәуір 2013 жыл.

АҚШ-тағы Бостон марафоны кезінде болған екі жарылыстан соңғы деректер бойынша 3 адам көз жұмып, 100-ден астам адам жараланды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жарылғыш құрылғылар марафонның мәресіне жетер тұсында жарылған.

BBC-дің хабарлауынша, марафоншылар жүгіріп келе жатқанда екі бомба араға бірер минут салып, бірінен соң бірі іске қосылған. Биыл жарысқа бірқатар елден 27 мың марафоншы қатысты.

Бостонда марафон өтіп жатқан маңға жақын Джон Кеннеди атындағы президент кітапханасында да жарылыс болғаны туралы да хабарланып жатыр.

АҚШ президенті Барак Обама телеарнадан сөйлеп, "шабуыл жасағандардың анықталатынын және олардың жауапқа тартылатынын" айтты.

Бостонның үстінен жолаушы ұшақтарының ұшуына шектеу қойылған. Нью-Йорк, Вашингтон, Лос-Анжелесте қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Бостондағы терактілерден зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.
XS
SM
MD
LG