Accessibility links

«Болашақ» түлектерін министрлік пен ҰҚК бақыламақ


«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алған жастардың елге қайтуын енді білім министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қатаң бақылауға алатын болды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Бүгін үкіметте сөйлеген білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, министрлік пен ҰҚК бірігіп "Шетелдегі студент" бағдарламасын жасаған. "Енді бітірушілеріміз бен олардың елге оралуы қатаң қадағаланатын болады. Түлектердің Қазақстанға келіп жұмыс істеуі де бақыланады" деді Жұмағұлов.

«Болашақ» бағдарламасы 1993 жылы құрылған. Содан бері шетелде бакалаврлар оқытқан «Болашақ» бағдарламасы 2011 жылы мұны тоқтатып, содан кейін шетелге тек магистратура мен PhD курсын оқуы тиіс жастарды ғана жібере бастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG