Accessibility links

Мемлекет басшылары Бостондағы терактіні айыптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Рим, 9 сәуір 2013 жыл.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Рим, 9 сәуір 2013 жыл.
Әлем елдерінің басшылары дүйсенбіде АҚШ-тың Бостонда қаласында болған терактіні айыптап жатыр.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун терактіге қатысты "ең сұмдығы - екі жарылыстың да әлемнің әр түкпіріндегі адамдарды біріктіретін шара кезінде болғаны" деді.

Ресей президенті Владимир Путин жарылыстарды "тағылық қылмыс" деп атап, АҚШ-қа Ресей көмегін ұсынды.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай "өз елінің мұндай оқиғалар кезінде туындайтын азап пен қайғыны бөлісетінін" айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға жеделхат жолдап, ел халқының және өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, бүкіл Америка халқына көңіл айтты.

Марафон кезінде болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 130-ға тарта адам жараланған еді. Марафонға әлемнің бірқатар елінен 27 мыңға тарта адам қатысқан. АҚШ президенті Барак Обама қылмысқа жауаптылардың табылатынына және жауапкершілікке тартылатынына уәде берді.

Жарылыстарға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бостон, Нью-Йорк, Вашингтон, Лос-Анжелесте қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Федералды тергеу бюросы терактіні тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG