Accessibility links

Иранда "ауыр қылмыс жасады" деп айыпталған жеті адамға өлім жазасы орындалды.

Жартылай мемлекеттік Mehr агенттігінің хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі Шираз қаласында "кісі өлтірді", "қарақшылық жасады" және "әйел зорлады" деген айыптармен сотталған төрт адам - көпшілік алдында, үш адам қаланың Адел-Абад түрмесінде дарға асылған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Иран билігін "қылмыскерлерге өлім жазасын көп қолданып кетті" деп айыптайды.

Иранда кісі өлтіргендер, қарақшылық шабуыл жасағандар, әйел зорлағандар және есірткі саудалағандар ауыр қылмыс жасағандар қатарына қосылып, көп жағдайда өлім жазасына кесіледі.
XS
SM
MD
LG