Accessibility links

Constitution Project: АҚШ-та тұтқындарды азаптайды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Constitution Project тәуелсіз комиссиясы Вашингтонда жариялаған есебінде "АҚШ-тың тұтқындарды азаптайтынына ешқандай күмән жоқ" деген қорытынды шығарды.

Комиссия 16 айға созылған тексеру жұмыстарын таяуда аяқтаған еді. Оның құрамына бұрынғы америкалық конгресмен, елші, судья, жоғары шенді шенеуніктер кіреді. Комиссия мүшелері Гуантанамо түрмесінен, Ауғанстан мен Ирактан, Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) уақытша ұстау абақтыларынан ақпараттар жинаған, бұрынғы тұтқындармен, АҚШ және басқа да елдердің өкілдерімен сөйлескен.

Сарапшылар "тұтқындарды тергеу кезінде қатаң әдіс-тәсілдер қолданудың қажетті, пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік бергеніне ешқандай дәлелдеме таба алмағандарын" айтты.

Комиссия негізінен АҚШ-та Джордж Буш президент болған жылдарға тексеру жүргізген. Бірақ комиссия қазіргі президент Барак Обама әкімшілігін де тергеуді "тым құпия жүргізеді" деп сынады.
XS
SM
MD
LG