Accessibility links

Назарбаев Финляндия президентімен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Финляндия президенті Саули Ниинистёмен кездесті. "Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауынша, Назарбаев кездесуден соң Қазақстанның "демократиялық даму жолымен алға жылдам қадам басып бара жатқанын" айтқан.

Бұл туралы Назарбаев журналистер сұрағына жауап берген. Финдік журналистің сұрағына жауап берген ол "Біз СССР ыдыраған соң жан бағу мәселесімен айналысып кеттік. Бірақ қазір Қазақстан - әлемде 130 этнос пен ұлттың басын қосқан, барлық азаматтардың бостандықтары мен құқықтары сақталған ел деп айта аламыз. Елімізде діни бостандық толықтай қамтамасыз етілген" деді ол.

Назарбаев бұған қоса "Батыста бар демократия мен еркіндік - бет алған бағытымыздың басы емес, соңғы мұратымыз. Біз сол бағытта кетіп барамыз" деген.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанды адам құқықтарын бұзады деп жиі сынайды.

Қазақстан мен Финляндия 1992 жылдан бері қарым-қатынас жасап келеді.
XS
SM
MD
LG