Accessibility links

Бостон полициясы: "Күдікті ұсталған жоқ"


Бостондағы жарылыс орны. 16 сәуір 2013 жыл

Бостондағы жарылыс орны. 16 сәуір 2013 жыл

Бостон полициясы жарылыс жасауы мүмкін күдікті ұсталды деген мәліметті жоққа шығарды.

17 сәуір күні АҚШ-тың күштік құрылымдарына сілтеме жасаған CNN Бостон марафоны кезінде жарылыс жасады деген күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат жарияаған.

Бұған дейін CNN мен The Boston Globe "қауіпсіздік камерасына түсіп қалған күдікті" туралы хабарлаған еді.

Видеода бомба жарылған жерде жарылыстан бұрын сөмкесін босатып жатқан адамның сұлбасы байқалған. Жарылыс кезінде 3 адам өліп, 170-тен астам адам жараланған еді.

Тергеушілер жарылғыш зат ретінде метал ыдысқа ұқсас құрылғылар пайдаланды деп санайды.

ФБР өкілі жарылыс орнынан барлық айғақ заттардың теріліп алынғанын және бомба салынған сөмкенің бөлшектеріне ұқсас заттар табылғанын хабарлады.

Қақпағы ауа шықпайтын болып тығыз жабылатын мұндай метал ыдысқа салынған жарылғыш заттар Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан мен Непалда қолданылып келген. Осындай жолмен бомба жасау туралы нұсқаулықтар интернетте кең тараған.
XS
SM
MD
LG