Accessibility links

Асад: Батыс Сириядағы "Әл-Қаиданы" қолдайды


Башар Асад "Әл-Ихбария" телеарнасына сұхбат беріп тұр. 17 сәуір 2013 жыл.
Башар Асад "Әл-Ихбария" телеарнасына сұхбат беріп тұр. 17 сәуір 2013 жыл.
Сирия президенті Башар Асад Батыс мемлекеттерін елдегі қақтығыстарда "Әл-Қаида" ұйымын қолдап отыр деп айыптады. "Бұл үшін олар - Еуропа мен АҚШ-та сазайларын тартады" деп ескертті Асад.

Асадтың бұл мәлімдемесі оның Сирия тәуелсіздігі күніне орай мемлекеттік "Әл-Ихбария" телеарнасынан берілетін сұхбатында келтірілген. Сұхбаттың үзіндісі президент әкімшілігінің Facebook-тегі парақшасында алдын ала жарияланды.

"Әл-Қаидамен" байланысы бар "Жабхат әл-Нусра" сияқты радикалды топтар екі жылдан бергі қақтығыстарда Сирияға орнығып үлгерді.

Асадтың айтуынша, "егер Сирия қақтығыстарда жеңілсе, құрдымға кетеді".

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбіде "Башар Асадты оқшаулау, шеттету әрекеттері келіссөздер жасау мүмкіндігінен айырады" деп мәлімдеді.

Сирияда үкіметке қарсы толқулар басталып, оның соңы қарулы қақтығыстарға ұласқан екі жылдан астам уақытта БҰҰ дерегі бойынша 70 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG