Accessibility links

Техастағы жарылыста адам шығыны болды


Жарылыс болған зауыт. Техас, АҚШ, 18 сәуір 2013 жыл.
Жарылыс болған зауыт. Техас, АҚШ, 18 сәуір 2013 жыл.
АҚШ-тың Техас штатына қарасты Уэйко қаласы маңында тыңайтқыш өндіретін зауытта жарылыс болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан бірнеше адам мерт болған. Ондаған адам жараланған.

Жарылыс сәрсенбі күні түнде болған. Оқыс оқиғаның неден болғаны әзірге белгісіз. Жарылыстан зауыт аумағынан қашықта орналасқан ғимараттар да бүлінген.

Дәрігерлер ауруханаға ондаған жаралы адам жеткізілгенін айтады. Олардың көпшілігін күйік шалған.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Джордж Смит агенттікке құрбан болғандар саны ондаған адамға жетуі мүмкін екенін айтқан.

Техас губернаторы Рик Перри штаттың барлық ресурсы жергілікті билікке көмектесуге жұмылдырылғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG