Accessibility links

Политковскаяның өліміне қатысты тергеу аяқталды


Қастандықпен қаза тапқан ресейлік журналист Анна Политковская.
Қастандықпен қаза тапқан ресейлік журналист Анна Политковская.
Ресейдің тергеу органдары журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысы бар деген бес күдіктіге қарсы айғақтарды жинау жұмыстарын аяқтады. Тергеу комитеті таратқан мәлімет бойынша, іс тағылған айыптарды бекіту үшін прокуратураға, сосын сотқа жіберіледі.

Политковская журналистік зерттеулермен, әсіресе Шешенстандағы адам құқықтарының бұзылуы тақырыбымен айналысқан еді. Оны 2006 жылы 7 қазанда Мәскеудегі үйінің маңында атып кеткен.

Күдіктінің бірі Сергей Хаджикурбановтың адвокатының айтуынша, күдікті сотты алқа билердің қарағанын талап етіп отыр. Бұрынғы құқық қорғау қызметкері Хаджикурбановке "журналиске жасалған қастандықты ұйымдастырды" деген айып тағылған. Бірақ адвокат Хаджикурбановты кінәсіз деп санайды және тергеу процесін дұрыс жүрмеді деп сынады.

Журналистің өліміне күдікті делінген үш адамды 2009 жылы алқа билер соты ақтап шығарған еді. Қазір олардың үстінен екінші қайтара тергеу жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG