Accessibility links

Бостон жарылысына күдіктілердің суреті жарияланды


FBI жариялаған Бостондағы жарылысқа қатысты күдіктілердің суреттері. 18 сәуір 2013 жыл.

FBI жариялаған Бостондағы жарылысқа қатысты күдіктілердің суреттері. 18 сәуір 2013 жыл.

АҚШ Федералды тергеу бюросы (FBI немесе ФБР) Бостондағы жарылыстарға қатысы бар деген күдікті екі ер адамның суреті мен видеосын жариялады.

Бейсенбіде жарияланған суреттердегі екі адам қара түсті күртеше киген және рюкзак таққан. FBI-дің Бостондағы агенті Рик Делорье тұрғындардан күдіктілерді табуға көмек көрсетуді сұрады. Ол бұған қоса күдіктілерді қарулы және қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

15 сәуірде Бостондағы марафон мәресіне жақын маңда бірінен соң бірі болған екі жарылыстан 3 адам көз жұмып, 170-ке тарта адам жараланған еді.

Тергеушілер жарылғыш зат ретінде металл ыдысқа ұқсас құрылғылар пайдаланды деп болжайды.
XS
SM
MD
LG