Accessibility links

Бостон жарылысына күдіктілердің бірі өлді


Жарылысқа күдіктілерді ұстауға келген арнайы жасақ. Уотертаун, АҚШ, 19 сәуір 2013 жыл.

Жарылысқа күдіктілерді ұстауға келген арнайы жасақ. Уотертаун, АҚШ, 19 сәуір 2013 жыл.

Массачусетс штатының полициясы Бостонға жақын Уотертаун қаласындағы атыста "марафон кезіндегі жарылысқа күдікті делінгендердің бірінің көзі жойылғанын" хабарлады. Екінші күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полиция оны іздестіріп жатыр.

15 сәуірде Бостон марафоны кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 170-ке тарта адам жараланған еді. Федералды тергеу бюросы теракт жасады деген екі күдіктінің суретін кеше жария еткен.
XS
SM
MD
LG