Accessibility links

Мексикада жер сілкінді


Мексиканың картасы. (Көрнекі сурет).

Мексиканың картасы. (Көрнекі сурет).

Мексиканың Мичоакан штатында жексенбіде қуатты жер сілкінісі болды. АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 балл болған. Зілзаладан 350 километр қашықтықтағы ел астанасы Мехикода ғимараттар шайқалып, тұрғындар үйлерінен шыққан.

Зардап шеккендер жайлы әзірге мәлімет жоқ. Дүмпу тоқтаған соң тұрғындар үйлері мен жұмыстарына қайта оралған.
XS
SM
MD
LG