Accessibility links

Қытайда жер сілкінісі құрбандары 188-ге жетті


Зілзаладан кейінгі көрініс. Сычуань провинциясы, Қытай, 21 сәуір 2013 жыл.
Зілзаладан кейінгі көрініс. Сычуань провинциясы, Қытай, 21 сәуір 2013 жыл.
Қытайдың батысындағы Сычуань провинциясында осыдан екі күн бұрын болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 188 адамға жетті деп хабарлайды Associated Press агенттігі. Жараланғандар саны 11 мың адамға жеткен.

Құтқарушылар тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізіп, жолдарды үйінділерден тазалап жатыр. Жеткіліксіз болса да, тұрғындарға азық-түлік пен керек-жарақтар біртіндеп жеткізіле бастады.

Сенбіде Сычуань провинциясында магнитудасы 7,5 балл қуатты жер сілкінісі болған еді. Бұдан соң 850-ге тарта жер асты дүмпуі тіркелді.
XS
SM
MD
LG