Accessibility links

Қазақстан балуандары Азияда 2 алтын алды


Нұрмахан Тінәлиев (қызыл формада) Алматыдағы жаттығу жиынында. Алматы, 20 маусым 2012 жыл.

Нұрмахан Тінәлиев (қызыл формада) Алматыдағы жаттығу жиынында. Алматы, 20 маусым 2012 жыл.

Үндістанның Дели қаласында күрес түрлері - грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарыстан Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс, төрт қола жүлде иеленді.

Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 120 килограмм салмақ дәрежесінде Нұрмахан Тінәлиев финалда қытайлық Ксиаоминг Ниді ұтып, алтын медаль иеленді. Әйелдер күресінен 51 килограмда Татьяна Аманжол да Азия чемпионы атанды. Ол да финалда Қытай балуаны Луи Хаипингді жеңді.

Ал грек-рим күресінен 96 килограмда Ерұлан Искаков финалда Оңтүстік Корея спортшысы Чанг Гун Анудан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресінен бұдан өзге Мақсат Ережепов (74 килограмм), Ербол Қоңыратов (66 килограмм), еркін күрестен Расул Қалиев (55 килограмм) пен Дәулет Ниязымбетов (60 килограмм) қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан жалпы есепте төртінші орын иеленді.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG