Accessibility links

Атырауға ресейлік "аппарат" құлағаны белгілі болды


Атырау облысы Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Қуандық Садықовтың айтуынша, "өткен аптаның соңында осы ауданның Балқұдық ауылынан 15 шақырым жерге ресейлік ұшқышсыз ұшатын аппарат құлаған".

Аппараттың құлағаны туралы ақпарат аудан орталығына тек 20 сәуірде ғана белгілі болған. Кейінгі мәліметтерге қарағанда, құлаған аппараттың ұзындығы - шамамен 20 метрдей.

- Оқиға орнына барған аудандық прокуратура мен төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері аппараттың үшке бөлініп, әр жерге құлағанын біліп келді. Шамасы, алдыңғы құлағандардай емес, жеңіл зат болуы керек. Маңайдағы Азғыр полигонындағы ресейліктердің құралдарымен тексеріліп, экологиялық қауіп жоқтығы анықталды,- дейді Қуандық Салдықов.

Оның айтуынша, «Аппарат құлаған жерде шұңқыр да қалған жоқ. Ресейліктер аппараттарының қалдықтарын жинап кетіп жатыр».

- Біздің білуімізше, аппарат сынақ барысында пультті басқаруға көнбегендіктен ресейліктер оны аспанда жарып жіберуге мәжбүр болған, - дейді Қуандық Садықов.
XS
SM
MD
LG