Accessibility links

Джохар Царнаевқа айып тағылды


Бостонда жарылыс жасады деген күдікке ілінген Джохар Царнаев.
Бостонда жарылыс жасады деген күдікке ілінген Джохар Царнаев.
АҚШ-тың әділет министрлігі Бостонда жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаевқа "жаппай қырып-жоятын қару қолданды", және "қауіпті жарылғыш заттармен өзгенің мүлкін зақымдады" деген ресми айып тақты. Егер кінәсі дәлелденсе, күдікті өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Ресми айып Джохар Царнаев Бостонда ауруханада ауыр халде жатқан кезде тағылды. Царнаев 19 сәуірде Бостон маңында арнайы операция кезінде ұсталған еді. Одан бір күн бұрын оның ағасы, жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаев полициямен атыста оққа ұшқан.

15 сәуірде Бостонда марафон кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланған.

Дүйсенбіде Массачусетс штатының Бостон және басқа да қалаларында жарылыстан қаза тапқандарды үнсіздікпен еске алды.
XS
SM
MD
LG