Accessibility links

Бостон ислам орталығы: Царнаевтар радикал болған емес


Бостонда жарылыс жасады деген күдікке ілінген Джохар Царнаев.

Бостонда жарылыс жасады деген күдікке ілінген Джохар Царнаев.

Бостон ислам орталығының жетекшісі Николь Моссалам "марафонда жарылыс жасады деп айыпталған ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтарда ислам радикализмінің белгілері болған жоқ" деп мәлімдеді. Ағайынды Царнаевтар бұған дейін осы орталықпен байланысы бар мешітке барып жүрген.

Моссалам орталық мүшелерін күдіктілерге қатысты кез-келген ақпаратты билікке хабарлауға шақырды. Ол ағайынды жігіттердің екеуі де жергілікті мұсылмандар арасында жақсы таныс емес екенін, тек Джохар Царнаевтың бір-ақ рет құлшылыққа келгенін айтады.

Ақпарат құралдарында соңғы жарты жылда Тамерлан Царнаевтың имамға қарсылық білдіріп, намазды екі рет бұзғаны туралы дерек пайда болған. Моссалам бұған қатысты түсінік бермеді, бірақ жақын уақытта мұның анықталатынын айтты.

15 сәуірде Бостондағы марафонда болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланған еді. Жарылыс жасады деген күдіктілердің бірі Тамерлан Царнаев полициямен қақтығыста мерт болды. Ал Джохар Царнаев 19 сәуірде ұсталды.
XS
SM
MD
LG