Accessibility links

Министрлік: Ұсталған қазақстандықтар иммиграциялық түрмеде


Бостонда ұсталған қазақстандық екі студент иммиграциялық түрмеге жабылды деп хабарлайды сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты.

Министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, ұсталған қазақстандықтар қазір иммиграциялық түрмеде. "Оларды Қазақстанға депортациялау мәселесі әлі көтерілген жоқ. Біз Қазақстанның АҚШ-тағы бас консулымен байланыс жасап отырмыз" деді Үсенов.

Министрлік бұған дейін марафондағы жарылысқа күдіктілерді танитын, олармен байланыста болған адамдарды тексеру кезінде АҚШ-та оқитын қазақстандық екі студенттің ұсталғанын хабарлаған еді. Олар АҚШ-тың көші-қон заңын бұзды деген күдікке ілінген.

15 сәуірде Бостондағы марафонда болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланды. Жарылыс жасады деген екі күдіктінің бірі Тамерлан Царнаев полициямен қақтығыста мерт болды. Ал Джохар Царнаев 19 сәуірде ұсталды.
XS
SM
MD
LG