Accessibility links

Ливияда Франция елшілігіне шабуыл жасалды


Ливиядағы Франция елшілігіне жасалған шабуыл. Триполи, 23 сәуір 2013 жыл.

Ливиядағы Франция елшілігіне жасалған шабуыл. Триполи, 23 сәуір 2013 жыл.

Триполидегі (Ливия) Франция елшілігінде бүгін жарылғыш зат тиелген көлік жарылып, екі адам жараланды.

Reuters агенттігі таратқан соңғы ақпаратқа қарағанда, жарылыстан елшіліктің екі француз күзетшісі жараланған. Ғимараттың қоршауы мен бір жақ қабырғасына зақым келген. Елшілікке шабуылдың не мақсатпен жасалғаны белгісіз. Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус жарылысты айыптап, министрліктің Ливия үкіметімен бірге жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ливиядағы шетел елшіліктеріне бұған дейін де шабуылдар жасалған еді. Оның ішіндегі ең ірісі - өткен жылы күзде АҚШ елшілігіне жасалған шабуылда осы елдегі АҚШ елшісі мен үш америкалық азамат қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG