Accessibility links

Роберт Блейк пен Марат Тәжин кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк.

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин бүгін Ақордада АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейкті қабылдады.

Кездесуде Блейк соңғы жылдары АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастары бірқатар салада айтарлықтай дамып, жоғары сапаға көтерілгенін айтты.

Тәжин мен Блейк кездесуде екіжақты ынтымақтастықты одан ары нығайтуды көздейтін маңызды мәселелерді талқылап, Орталық Азия елдерінің дамуын қолдаудың маңыздылығына назар аударған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Роберт Блейк бұған қоса Назарбаев университетінде студенттермен кездесіп, дәріс оқыды.

Роберт Блейк 24 сәуірде Ташкентке барып, өзбек билігі өкілдерімен кездеспек. Ол 25 сәуірде Алматыға қайтып келіп, АҚШ делегациясының құрамында осында өтетін "Азияның жүрегі" конференциясына қатыспақ.
XS
SM
MD
LG