Accessibility links

Блейк: "Қазақстанда саяси даму экономикамен қатар жүруі керек"


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк. Астана, 23 сәуір 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк. Астана, 23 сәуір 2013 жыл.

23 сәуір Астанаға келген АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк шенеуніктермен, азаматтық қоғам өкілдерімен, Назарбаев университетінің студенттерімен кездесті.

Өзбекстан мен Қазақстанға Роберт Блейк Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығаруға (2014 жылы) қатысты мәселелерді талқылауға келген. Блейктің айтуынша, АҚШ Ауғанстаннан әскер шығарғаннан кейін де Орталық Азиядағы мүдделерін ұмытпайды.

- Біз Ауғанстандағы ғана емес, осы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, аймақтың дамуына жәрдем беру ісіне үлес қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді Блейк.

Блейк Қазақстанның ЕҚЫҰ (Еуропадағы ынтымақтыстық және қауіпсіздік ұйымы) сияқты аймақтық ұйымдарда жетекші рөл атқарып отырғанын, бірақ әлі де атқарылатын істердің бар екенін айтты.

- Адам құқықтары және саяси даму жағынан жиі кеңесіп отыруымыз керек. Біз әрқашан Қазақстандағы саяси дамудың экономикалық өркендеумен қатар жүргенін қалайтынымызды айтып келеміз, - деді Роберт Блейк.
XS
SM
MD
LG