Accessibility links

Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады


Әскери ұшақ (Көрнекі сурет).

Әскери ұшақ (Көрнекі сурет).

23 сәуірде Қарағанды облысының Шет ауданы Просторное ауылы маңында МиГ-31 әскери ұшағы құлап, ұшқыш қаза тапты деп хабарлайды әскери прокуратура.

Ақпаратқа қарағанда, ұшақ оқу-жаттығу кезінде Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 97 километр жерде құлаған. Экипаж катапультпен ұшақтан секірген. Бірақ ұшқыш - әскери бөлімше командирі, полковник Едігеев мерт болған. Ал штурман - Едігеевтің орынбасары Галимзянов ауруханаға түскен. Ұшақ қорғаныс министрлігінің 50185-әскери бөліміне тиесілі.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ техникалық ақау салдарынан құлаған. Ұшақ 2012 жылы Ресейдің Ржев қаласындағы әуе көліктерін жөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен.

Қазір оқиға орнында бас әскери прокуратура, орталық аймақтың әскери тергеу басқармасының жедел тергеу тобы, авиациялық апаттарды тексеру жөніндегі ведомство аралық комиссия жұмыс істеп жатыр деп хабарлады әскери прокуратура.

Оқиға бойынша әскери прокуратура қылмыстық кодекстің 392-бабы ("ұшу ережесін немесе оған дайындықты бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG