Accessibility links

"Правдивая газетаның" алғашқы тиражы тәркіленді


"Правдивая газетаның" 24-сәуір күні шыққан бірінші саны. Алматы, 24 сәуір 2013 жыл. (Сурет редакциядан алынды)

"Правдивая газетаның" 24-сәуір күні шыққан бірінші саны. Алматы, 24 сәуір 2013 жыл. (Сурет редакциядан алынды)

Алматыда сәуірдің 24-і күні шыққан «Правдивая газетінің» алғашқы саны тәркіленді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне газет қызметкері Мадия Төребаева мәлімдеді.

- Газеттің баспадан шыққан 1200 данасын 24 сәуір күні таңғы сағат тоғызда ішкі саясат басқармасының қызметкерлері тәркіледі. Газетті тәркілеу туралы хаттамада Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бастығы Бақытжан Ақжаровтың қолы қойылған. Хаттамада газет тәркіленуінің басты себебі ретінде «басылымның тұрақты шығу мерзімі жоқ» деп көрсетілген, - дейді Төребаева.

Оның айтуынша, газетті тарату бөлімінің қызметкерлері мен күзетшілері сәуірдің 24-іне қараған түні баспахана маңында штаттық киімдегі адамдар жүргенін және олар өздерінен газеттің қай уақытта шығатытын сұрағанын айтқан.

- Ал таңертең (24 сәуір күні – ред.) дайын хаттама алып келіп, газетті алып кетті. Газет редакциясының , басылымды тәркілеуге онда жарияланған материалдар да себеп болуы мүмкін деп отыр, - деді газет қызметкері Азаттық тілшісіне.

Мадия Төребаева газеттің алғашқы санында Заманбек Нұрқаділовтің кітабының үзіндісі, Ғазиз Алдамжаровтың сұхбаты және сәуірдің 27-і күні Алматыда жоспарланған қарсылық күніне орай өткізілетін митинг жайлы материал жарияланғанын да айтты.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG