Accessibility links

Атыраудағы "коррупциялық іске қатысты тергеу" аяқталды


Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

"Атырау облысы әкімдігінің шенеуніктері мен бірқатар мекемелер жетекшілерінің ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеу жұмыстары аяқталды" деп хабарлады бүгін Астанада өткен брифингте экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) өкілі Мұрат Жұманбай.

"Тергеу нәтижесінде облыс аумағында 6 жыл бойы әрекет еткен, облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрып, басшылық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды" деді ол.

Оның айтуына қарағанда, агенттіктің жедел тергеу тобы 68 түрлі сараптама жасап, 750-ден астам адамнан жауап алған, 79 тінту жүргізіп, 30 мыңнан астам құжат тәркілеген.

Бергей Рысқалиевтың үстінен бұған дейін "бюджет қаржысын жымқырды және қызмет өкілетін теріс пайдаланды" деген айыптар тағылып, тұтқынға алу туралы санкция шыққан. Қаңтар айында оған іздеу жарияланған.

Рысқалиевтен өзге 11 адамның сыртынан тұтқындауға санкция беріліп, іздеу жарияланған.
XS
SM
MD
LG