Accessibility links

Мәжіліс ауыл әкімдерін сайлау туралы заң жобасын бекітті


Парламент мәжілісі. Астана.

Парламент мәжілісі. Астана.

Қазақстан парламенті мәжілісі бүгін алғашқы оқылымында "Қазақстан республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Жоба мәслихат депутаттарының аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл, селолық округ әкімдерін сайлау нормаларын қарастырады.

Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, түзетулер енгізу азаматтардың конституцияда қарастырылған жергілікті өзін-өзі басқару ісіне қатысу құқын іске асыруына жағдай жасайды.

Заң жобасы жергілікті жерлердегі әкімдердің өз аймағындағы мәселелерді шешуінде қаржылай және экономикалық әл-ауқатын кеңейту жағын да қарастырады. Жобада әкімдерге өзінің табыс көзін жасау құқын беру, аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін тиімді пайдалану мақсатында ауыл әкімдері қарауына тапсыру да көзделген.

Министр Сағынтаев жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы екі кезеңге (2013-2015 және 2015-2020 жылдар) бөлінгенін айтады.
XS
SM
MD
LG