Accessibility links

Сирияда 12-ғасырда салынған мешіт бүлінді


Алепподағы қақтығыстан қираған ғимараттар. Сирия (Көрнекі сурет).
Алепподағы қақтығыстан қираған ғимараттар. Сирия (Көрнекі сурет).
Алеппода (Сирия) 12-ғасырда салынған мешіттің мұнарасы бұзылды. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан Омеядтар дәуіріне жататын сүнниттік мешіт ЮНЕСКО-ның қорғауына алынып, әлемдік мәдени мұра деген мәртебеге ие болған еді.

Мешіт орналасқан ауданда үкімет әскері мен өздерін көтерілісшілер деп атайтын топтар арасында бірнеше айдан бері кескілескен шайқас жүріп жатыр. Қақтығыстар барысында мешіт бірде үкімет әскерінің, бірде көтерілісшілердің қолына өтіп отырды.

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары мешіт мұнарасын оппозициялық топтар қиратты деп хабарлады. Бірақ оппозициялық топтар оны үкімет күштерінен көреді. Мешітке соңғы бір аптада осымен екінші рет зақым келіп отыр.

Сирияда мешіттер алғаш үкіметке қарсы шерулер басталғанда демонстранттардың бекінетін жері болған еді. Кейін үкімет әскері мешіттерді де нысанаға ала бастады.
XS
SM
MD
LG