Accessibility links

Мәскеуде Transparency International-ды тексерді


Transparency International-дың Мәскеудегі филиалының жетекшісі Елена Панфилова.

Transparency International-дың Мәскеудегі филиалының жетекшісі Елена Панфилова.

Мәскеуде халықаралық Transparency International ұйымының кеңсесіне тағы тексеру жүргізілді. Прокуратура өкілдері ұйым кеңсесіне келіп, қосымша құжаттарды көрсетуді талап етті.

Ұйымның Мәскеудегі филиалының жетекшісі Елена Панфилова Twitter-дегі парақшасына бүгін ұйымның 2013 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру үшін прокуратураға баратынын жазған.

Прокуратура сәрсенбіде бұған қоса саяси зерттеулер жүргізетін "ИНДЕМ" және "Левада-центр" ұйымдарының кеңселерін де тексерген.

Прокуратура наурыздың соңында Transparency International мен басқа бірқатар халықаралық және ресейлік құқық қорғау ұйымдарының кеңселерін тексеріп, тінту жүргізіп кеткен еді.

Тексеру адам құқықтарын қорғайтын халықаралық Amnesty International және Human Rights Watch ұйымдары Ресейде адам құқықтарының тапталып жатқаны жайында бірлескен есебін жариялаған күні жасалды.
XS
SM
MD
LG