Accessibility links

Астанада Еуразия медиа форумы басталды


Астанада жыл сайынғы Еуразия медиа форумы басталды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Бүгінгі форумның тақырыбы - Ауғанстаннан 2014 жылы АҚШ пен НАТО әскері шығарылғаннан кейінгі аймақтағы қауіпсіздік мәселесі.

Жиынға бірқатар елден келген саясаткерлер, сарапшылар мен журналистер қатысып отыр.

Форумның ашылуында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. "Еуразия медиа форумы өзінің 11 жылдық тарихында саясаткерлер, сарапшылар мен журналистер арасындағы пікір алмасатын бірегей алаңға айналды" деді президент Назарбаев.

Медиа форум екі күнге созылады.
XS
SM
MD
LG