Accessibility links

ҰҚК ғимаратына оқ атқан адамға үкім шықты


Алматы облысында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) аймақтық ғимаратына оқ атқан Үшарал қаласының тұрғынына бір жыл шартты мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты хабарлады.

31 жастағы Александр Лучин Алматы облысы Үшарал қаласындағы ҰҚК ғимаратына оқ атты деген күдікпен биыл ақпанда ұсталған еді. Тергеу барысында ол ғимаратқа "масаң күйде оқ атқанын" мойындаған.
XS
SM
MD
LG