Accessibility links

АҚШ: Тамерлан Царнаев 2011 жылы террористер тізіміне енген


Бостондағы жарылысқа күдікті делінген Джохар (сол жақта) және Тамерлан Царнаевтар. 18 сәуір 2013 жыл. (FBI сайтынан алынған сурет)

Бостондағы жарылысқа күдікті делінген Джохар (сол жақта) және Тамерлан Царнаевтар. 18 сәуір 2013 жыл. (FBI сайтынан алынған сурет)

АҚШ федералды тергеу бюросының (FBI) аты-жөнін атамаған қызметкері орталық барлау басқармасының (CIA) Тамерлан Царнаевті Бостондағы жарылыс болардан 18 ай бұрын террористер тізіміне қосып қойғанын хабарлады.

FBI қызметкері 26 жастағы Тамерлан Царнаевқа қатысты тергеу бұрын да жүргізілгенін, бірақ одан ешқандай қауіп-қатер байқалмағанын хабарлаған. Оның айтуынша, CIA 2011 жылы қыркүйекте ресейлік арнайы қызмет өкілдері хабарласып, Царнаевтан күдіктенетіндерін хабарлаған соң оны тізімдеріне қосқан.

Бұл ақпарат "АҚШ арнайы қызметі Царнаевтың күдікті адам екенін біле тұра неге оны бақылауға алмады?" деген сұрақ туындатып отыр.

Ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар 15 сәуірде Бостонда болған жарылысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген еді. Тамерлан Царнаев полициямен атыста қайтыс болды. Ал Джохар Царнаев қазір қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG