Accessibility links

Ресей соты "Голос" ассоциациясына айыппұл салды


"Голос" ассоциациясына қатысты сот отырысы. Мәскеу, 25 сәуір 2013 жыл.

"Голос" ассоциациясына қатысты сот отырысы. Мәскеу, 25 сәуір 2013 жыл.

Мәскеу соты бейсенбіде Ресейдегі сайлауларға бақылау жасайтын тәуелсіз "Голос" ассоциациясына "үкіметтік емес ұйымдар туралы жаңа заң талабын орындамағаны үшін қаулы шығарды. Сот ұйымға "шетел агенті ретінде тіркеуден өтпеді" деген айып тағып, 300 мың рубль (10 мың АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.

Сот "Ассоциация 2012 жылы шетелден қаржы алып отырды, бірақ шетел агенті ретінде тіркелмеді" деп тұжырған. Бірақ ассоциация өкілдері мұнымен келіспейді. "Голос" өкілдері "ұйым жаңа заң қабылданған соң шетелден қаржылай көмек алуды тоқтатқанын, сондықтан шетел агенті деп саналмайтынын" айтады.

Өткен жылдың соңында қабылданған жаңа заң бойынша елдегі шетелден қаржы алатын және саяси қызметпен айналысатын барлық ұйымдар "шетел агенті" ретінде тіркелуі тиіс.

"Голос" 2011 жылы өткен парламент сайлауы мен 2012 жылы өткен президент сайлауында заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG