Accessibility links

БҰҰ Малиде бітімгершілік контингентін құрмақ


Мали әскерилері исламшыл топтар бақылауында болған Тимбукту қаласына кіріп барады. 31 наурыз 2013 жыл.

Мали әскерилері исламшыл топтар бақылауында болған Тимбукту қаласына кіріп барады. 31 наурыз 2013 жыл.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Малиде бітімгершілік контингентін құру туралы келісімге келді. Бітімгершілік әскері Малиге 1 шілдеден бастап кіргізіле бастайды.

Франция мен Африка әскері Малиде исламшыл қарулы топтарды ел астанасы Бамакоға кіргізбеу үшін қаңтарда әскери операция бастаған еді. Француз және африкалық контингент қарулы топтарды елдің шөлді және таулы аудандарына тықсырып тастағандықтан, олар партизандық күрес тәсіліне көшкен.

MINUSMA деп аталатын жаңа бітімгершілік контингентіне елде соғысып жатқан сарбаздар кіреді. Ол БҰҰ-ның Конго мен Дарфурде шоғырланған бөлімшелерінен кейінгі үшінші ірі әскери миссиясы болмақ.
XS
SM
MD
LG