Accessibility links

Алматыда министр Әбденовке жұмыртқа лақтырды


Жұмыртқа лақтыруға министрдің жауабы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:59 0:00

"Жұмыртқа ату" және оған министрдің жауабы. Алматы, 26 сәуір 2013 жыл.

Қарағандылық азаматтық белсенді Андрей Цуканов бүгін Алматыға жиын өткізуге келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке "Сізге Қарағандыдан сәлем" деп айғайлап, шикі жұмыртқа лақтырды. Бұдан соң Андрей Цукановты полиция ұстап әкетті.

Былғанып қалған киімін ауыстыруға шығып, сәлден соң журналистер алдына қайта оралған министр өзіне жұмыртқа лақтырған азаматтың ісіне байланысты пікірін айтты.

Министр Әбденов бүгін Алматыда сағат 11-де Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында оқытушылар, студенттер, дәрігерлер және басқа да қоғамдық сала қызметкерлерімен кездесіп, зейнетақы жүйесі туралы заң жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Кездесу алдында ол журналистермен жиын өткізбекші болған.

(Бұл оқиға туралы толық видеоны Азаттықтың YouTube-тегі парағынан да көріңіз)
XS
SM
MD
LG