Accessibility links

Алматыда Ауғанстан бойынша конференция басталды


Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия медиа форумында сөйлеп тұр. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия медиа форумында сөйлеп тұр. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.
Алматыда Ауғанстан бойынша Стамбул процесіне қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің 3-конференциясы басталды.

Конференцияны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Ол "Ауғанстан проблемасын шешудегі ең басты нәрсе - оған экономикалық көмек көрсету" деген пікір айтты.

Президент Назарбаевтың сөзінше, Қазақстан Ауғанстанда бейбітшілік орнауына септеседі. "Қазақстан Ауғанстандағы әлеуметтік, білім беру бағдарламаларына қатысып, гуманитарлық көмек беруін жалғастыра береді. Мамандарымыз Ауғанстанның табиғи байлықтарын игеруге көмектеседі" деді Назарбаев.

Ол "Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштерінің шығарылуы әлемдік қауымдастықтың ауған мәселесін назардан тыс қалдыруы ретінде емес, елдің бейбіт даму жолына түсу процесінің бастауы деп қабылдануы тиіс" дейді.
XS
SM
MD
LG