Accessibility links

Қазақстан президенті АҚШ өкілімен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан бойынша Стамбул процесіне қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің 3-конференциясында. Алматы, 26 сәуір 2013 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан бойынша Стамбул процесіне қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің 3-конференциясында. Алматы, 26 сәуір 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернспен кездесті.

"Кездесуде тараптар АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық байланыстың маңызды тұстарын, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму болашағын талқылады" деп хабарлады akorda.kz сайты.

Президент Назарбаев Бостондағы терактіде құрбан болған адамдарға байланысты Бернске тағы да көңіл айтты. Ал Бернс Назарбаевқа президент Барак Обаманың сәлемін жеткізді.

Уильям Бернс бүгін Алматыда өтіп жатқан Ауғанстан бойынша Стамбул процесіне қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің 3-конференциясына келген. Бұған дейін жиынға АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк қатысады деп жоспарланған еді.
XS
SM
MD
LG