Accessibility links

Алматыда наразылық жиыны өтті


Бүгін Алматыда елдегі коммуналдық қызмет бағасының қымбаттауына, әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы үкіметтің бастамасына наразылық жиыны өтті деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Қалалық әкімдіктің рұқсатымен, "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы алаңқайда өткен жиынға ондаған адам қатысты. Онда сөйлегендер коммуналдық шаруашылық қызметінің сапасына сын айтып, бұл салада тұтынушыларға көрсетілетін қызмет бағасының қымбаттауы әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларына ауыр тиіп отырғанына назар аударды. Олар биліктен табиғи монополистердің баға саясатын қатаң бақылауға алуын талап етті.

Сонымен бірге, наразылық митингісінде Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы үкіметтің бастамасына қарсы пікірлер айтылды.

Екі сағатқа жалғасқан митинг қырыққа жуық талаптан тұратын қарар қабылдап, жұмыс тобының құрамын бекітті. Ұйымдастырушылар осындай келесі жиынды маусымның 1-інде өткізуге келісті.
XS
SM
MD
LG