Accessibility links

Ресейде оппозиция белсендісі тұтқындалды


Мәскеудің Болотный алаңында болған наразылық. 6 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Мәскеудің Болотный алаңында болған наразылық. 6 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ресей тергеу комитеті оппозиция белсендісі Алексей Гаскаровтың өткен жылы "Болотный ісіне" қатысты ұсталғанын хабарлады.

Оппозициялық күштердің үйлестіру кеңесінің белсендісі 2012 жылы 6 мамырда Болотный алаңында "төбелеске белсенді қатысқан топты" басқарды деген күдікпен ұсталған.

Тергеу комитеті Гаскаровты бұған қоса "тұтқындау кезінде полицияға қарсылық көрсетіп, қол жұмсады" деп айыптап отыр.

Гаскаров 2012 жылы қазанда оппозициялық күштердің үйлестіру кеңесінің мүшесі болып сайланған. Үйлестіру кеңесі парламенттегі оппозициялық партиялардан басқа барлық оппозициялық күштердің басын біріктіреді.
XS
SM
MD
LG