Accessibility links

Бангладеште құлаған ғимараттың иесі ұсталды


Құтқарушылар үйінділер астынан тірі қалғандарды іздестіріп жатыр. Дхака, Бангладеш, 25 сәуір 2013 жыл.

Құтқарушылар үйінділер астынан тірі қалғандарды іздестіріп жатыр. Дхака, Бангладеш, 25 сәуір 2013 жыл.

Бангладеш полициясы өткен аптада құлап, 350 адамның өмірін қиған тігін фабрикалары ғимаратының иесі Мұхаммед Сохел Рананы тұтқындады. Ресми орындардың хабарлауынша, Дхакадағы ғимарат қожайыны 28 сәуірде Үндістанмен шекарада ұсталған. Ол ғимарат құлаған 24 сәуірден бері қашып жүрген.

Құтқарушылар сегіз қабатты ғимараттың қираған үйінділері астынан тірі қалғандарды алып шығу жұмыстарын әлі жүргізіп жатыр. Қаза тапқандардың көпшілігі - әйелдер.

Бангладештің тігін өнеркәсібі жылына ел қазынасына 20 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда әкеледі. Дхакада болған апат - Бангладештің тігін өнеркәсібі тарихындағы адам шығыны ең көп болған қайғылы оқиға.
XS
SM
MD
LG