Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал бойынша іс қозғалды


Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал болған аймақта жүрген қырғыз арнайы жасағы. Баткен облысы, 28 сәуір 2013 жыл.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал болған аймақта жүрген қырғыз арнайы жасағы. Баткен облысы, 28 сәуір 2013 жыл.

Қырғызстанның Тәжікстанмен шекарадағы Ақ-Сай ауылында (Баткен облысы) қырғыздар мен тәжіктер арасында болған жанжал бойынша үш қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

27-сәуірде Ворух анклавын айналып өтетін Ақ-Сай - Тамдық жолының құрылысы басталғанда екі ел азаматтары арасында жанжал болған еді. Әуелі тәжік ауылының тұрғындары құрылысқа көңілдері толмай, трактор жүргізушісін сабаған. Осыдан соң Ақ-Сай тұрғындары Ворух-Исфара жолын жауып тастаған. Екі жақтан да тұрғындар жиналып бір-бірлеріне тас лақтырған. Сегіз адам зардап шегіп, бірнеше көлік зақымданған.

Ішкі істер министрінің орынбасары Құрсан Асановтың айтуынша, зардап шеккен сегіз адам қазір ауруханада. Жексенбіде екі ел билігінің өкілдері жергілікті тұрғындармен кездескен. Тәжікстан делегациясын Соғды облысы губернаторының орынбасары бастап келген. Екі жақ жолды ашу, келтірілген шығындарды есептеп, қалпына келтіру туралы уағдаласқан.
XS
SM
MD
LG