Accessibility links

Прагада жарылыстан ондаған адам жараланды


Құтқарушылар жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Прага, 29 сәуір 2013 жыл.

Құтқарушылар жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Прага, 29 сәуір 2013 жыл.

Праганың орталығында күшті жарылыс болып, ондаған адам жараланды. Полицияның алдын ала таратқан ақпаратына қарағанда, газ баллоны жарылған.

Жарылыс Влтава өзеніне жақын Ұлттық театрының жанында болған. Жарылыстан жақын маңдағы үйлердің терезелері сынған. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға болған маңға жақын көшелер жабылып, таяу орналасқан мектептен адамдар сыртқа шығарылған.
XS
SM
MD
LG