Accessibility links

"Обамаға улы конверт жолдаушы" сотқа тартылды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 16 сәуір 2013 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 16 сәуір 2013 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мен басқа да шенеуніктерге рицин уы бар конверт жолдады деп айыпталған Эверетт Дучке сотқа тартылды.

41 жастағы күдікті өткен сенбіде Миссисипи штатында ұсталған еді. Оған "рицин уын иеленіп, оны байытты және қару жасауға тырысты" деген айып тағылып отыр. Дучке рицин уы бар хатқа өзінің қатысы жоғын айтады.

Эверетт Дучке айыпты деп танылса, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG