Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ ұшағы құлап, 7 адам мерт болды


АҚШ-тың жүк тасымалдайтын ұшақтары. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың жүк тасымалдайтын ұшақтары. (Көрнекі сурет).
Ауғанстанда АҚШ-тың жүк таситын ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың 7 мүшесі қаза тапты. Ұшақ Кабулден солтүстікке қарай орналасқан Баграмдағы АҚШ әскери әуе базасынан ұшып шыға бере құлаған.

"Талибан" ұйымы ұшақты атып түсіргенін мәлімдеген. Бірақ халықаралық коалиция күштері әуе базасы аумағында немесе оның маңында ешқандай террорлық әрекеттің болмағанын алға тартып, оны жоққа шығарады..

National Air Cargo компаниясына тиесілі ұшақ 400 метр биіктікке көтерілген соң кенет құлдилаған.
XS
SM
MD
LG