Accessibility links

Отар гарнизонында бір сарбаз апаттан қайтыс болды


Әскери жаттығуға қатысып жүрген қазақ сарбаздары. Алматы маңы, 16 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Әскери жаттығуға қатысып жүрген қазақ сарбаздары. Алматы маңы, 16 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Жамбыл облысындағы Отар гарнизонында әскери парадқа дайындық кезінде бір сарбаз жол апатынан қаза тапты деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.

"Интерфакс-Казахстан" агенттігінің хабарлауынша, 1987 жылы туған, 2012 жылдың шілдесінен бері Қапшағайдағы әскери бөлімде міндетін өтеп жүрген кіші сержант Жеңіс Жолдасов 30 сәуір күні кешкі сағат жеті жарымда көлігі аударылып кетіп көз жұмған.

Қорғаныс министрлігінің өкілі Сәуле Смағұлованың айтуынша, "көлік апатынан зардап шеккен өзге төрт адамға медициналық көмек көрсетілген, қазір олардың жағдайлары дұрыс".

Министрлік өкілі бұл оқиғаны тексеретін комиссия құрылғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG