Accessibility links

Солтүстік Кореяда АҚШ азаматы 15 жылға сотталды


Түрме іші. (Көрнекі сурет).

Түрме іші. (Көрнекі сурет).

Солтүстік Кореяда ұсталған америкалық азамат Кеннет Бае 15 жылға еңбекпен түзеу жазасына кесілді. Korean Central News агенттігінің хабарлауынша, тегі кореялық АҚШ азаматы Кеннет Бае елдің коммунистік режиміне "жаулық әрекеттер жасады" деген айыппен сотталған. Агенттік бұдан басқа егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Бае өткен жылы қарашада Солтүстік Кореяның портты Расон қаласына келген жерінде ұсталған еді. Таныстары оның туристік оператор болып жұмыс істегенін айтқан.

Вашингтон Пхеньянды "адамгершілік танытып", Баены босатуға шақырған. Бірақ Солтүстік Корея билігі оған құлақ аспады.
XS
SM
MD
LG