Accessibility links

Азия футбол федерациясының басшысы сайланды


АЗия футбол федерациясының жаңа сайланған президенті Салман бин Ибрахим әл-Халифа. Куала-Лумпур, 2 мамыр 2013 жыл.

АЗия футбол федерациясының жаңа сайланған президенті Салман бин Ибрахим әл-Халифа. Куала-Лумпур, 2 мамыр 2013 жыл.

Бахрейн шейхы Салман бин Ибрахим әл-Халифа Азия футбол федерациясының жаңа басшысы болып сайланды.

Бейсенбіде Куала-Лумпурда (Малайзия) өткен сайлауда Шейх Салман 46 дауыстың 33-іне ие болды. Шейх Салман бұған қоса Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) атқарушы комитетіне де мүше болып сайланды.

Бахрейн шейхының атына бұған дейін елдегі демократиялық наразылықтарда ұлттық құрама ойыншыларын адам құқықтарының бұзылуынан қорғай алмады деген сын айтылған еді. Оны сынағандар наразылықтар кезінде кейбір ойыншылар мен футболдағы бірқатар шенеуніктер қуғынға түскенін алға тартқан.

Федерацияның бұған дейінгі жетекшісі катарлық Мохамед бин Хаммамды ФИФА сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға қалған соң қызметінен босатқан.
XS
SM
MD
LG