Accessibility links

Астанада 6 адам терроризм бойынша сотқа тартылды


Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында "терроризмге қатысы бар" деп айыпталған алты адамға байланысты алдын ала сот тыңдауы өтті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Соттың ақпараты бойынша, күдіктілерге "қоғамдық қауіпсіздікті бұзу мақсатында жарылыс жасауға дайындалды, террористік топ құрып, оның қызметіне араласты, қару мен оқ-дәрі ұрлады және басқа да ауыр қылмыстар жасады" деген айыптар тағылған.

Бұл іс бойынша басты сот отырысы 15 мамырда басталмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG