Accessibility links

Министрлік: Сарбаз өлімінің парадқа қатысы жоқ


Әскери жаттығуға қатысып жүрген қазақ сарбаздары. Алматы маңы, 16 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Әскери жаттығуға қатысып жүрген қазақ сарбаздары. Алматы маңы, 16 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Жамбыл облысындағы Отар гарнизонында жол апатынан қайтыс болған сарбаздың қазасының әскери парадқа еш қатысы жоқ деп хабарлады қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты.

Бұған дейін 1987 жылы туған, 2012 жылдың шілдесінен бері Қапшағайдағы әскери бөлімде міндетін өтеп жүрген кіші сержант Жеңіс Жолдасов 30 сәуір күні кешкі сағат жеті жарымда парадқа дайындық кезінде көлігі аударылып кетіп көз жұмғаны хабарланған еді.

"Жол апатының парадқа еш қатысы жоқ. Көлік парадтың дайындығына қатыстырылмаған" дейді министрліктің баспасөз хатшысы Сәуле Смағұлова. Оның айтуынша, Жолдасов рульде отырмаған, пулеметші болған.
XS
SM
MD
LG